Медьедович, Корда, Маннарино және Офнер Астанадағы турнирдің жартылай финалында ойнайды
© Сурет: ktf.kz
Жексенбіде, 1 қазанда Астанадағы ATP 250 турнирінің ширек финалдық матчтары өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұйымдастырушылардан wild card алған сербиялық теннисші, әлемнің 120-ракеткасы Хамад Медьедович ширек финалда әлемнің 28-ракеткасы Иржи Легечканы 6:3, 6:4 есебімен жеңіп кетті.
Енді Хамад Медьедович жартылай финалда АҚШ өкілі Себастьян Кордамен ойнайды. Америкалық теннисші ширек финалда жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген нидерландтық Таллон Грикспорды 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңді.
Ал франциялық теннисші Адриан Маннарино турнирдің жартылай финалына сенімді түрде шықты. Ол аустриялық Юрий Родионовты екі сетте ұтты - 6:1, 7:6(6).
Адриан енді финалдық жолдамаға аустриялық Себастьян Офнермен таласады. Офнер өзінің отандасы, US Open 2020 чемпионы Доминик Тимді 5:7, 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





