Марат Байқамуров дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін белдеседі

17:43, 31 қазан 2026
MKZ: 1575330

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam жарысының финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр. Жұбаныш белдесуінде ол АҚШ өкілі Дэниел Любимовскиді жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Бұған дейін Марат Байқамуров ширек финалға дейін жетіп, бұл кезеңде ресейлік Идар Бифовтан жеңіліп қалған еді.

Айта кетейік, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында бір жүлде бар. 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар қола медаль иеленді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!