Қазақстан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсетуді бастады

17:36, 31 қазан 2026
MKZ: 1575329

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасы жағажай волейболынан Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш жасөспірімдер Олимпиадасында алғашқы кездесуін өткізді. Олар жарыстың алғашқы ойынында Вафи Әл-Джасир мен Али Әл-Авамимен (Сауд Арабиясы) кездесті.

Қазақстандық спортшылар С тобындағы кездесуде 2:0 (21:13, 21:7) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш 2025 жылы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының чемпионы.

2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты бүгін, 31 қазанда өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!