Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды

21:44, 30 қазан 2026
MKZ: 1575251

© Сурет: Zakon.kz

Шымкентте полиция қызметкерлері электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз сатумен айналысқан азаматты ұстады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің автокөлігінен жалпы саны 400 вейп табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәркіленген өнімдердің жалпы құны — 4 миллион теңге.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция елімізде электрондық тұтыну жүйелерін, яғни вейптерді сатуға, таратуға, әкелуге және өндіруге заңмен қатаң тыйым салынатынын ескертеді. Аталған талаптарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!