Алматыда ақын Кеңшілік Мырзабековті еске алу кеші өтті
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Алматыда Ұлттық кітапханада көрнекті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Кеңшілік Мырзабековтің туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кешке ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері және ақынның жақындары қатысты.
"Жиында Кеңшілік Мырзабековтің өмірі, шығармашылық жолы және қазақ әдебиетіне қосқан үлесі сөз болды. Қатысушылар ақын өлеңдеріне тән ерекшеліктерге тоқталып, әдебиетте өзіндік қолтаңбасын қалдырғанын атап өтті. Кеште туған жер, адами құндылықтар мен қоғам туралы өлеңдері оқылды. Сондай-ақ ақынның тұлғалық болмысы мен өнері жөнінде естеліктер айтылды", делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Әдеби кеш Кеңшілік Мырзабековтің мұрасын дәріптеуге және өлеңдерін кейінгі буын оқырманға кеңінен танытуға бағытталды.
Бұған дейін Үндістандағы БРИКС фестивалінде "Қыз Жібек" спектаклі қойылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:36, 30 қазан 2026
Қостанай облысындағы бес жасар баланың өліміне қатысты тың мәлімет жарияланды
-
21:44, 30 қазан 2026
Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды
-
21:32, 30 қазан 2026
Елімізде елеулі өзгерістер болып жатыр - Ерлан Қарин
-
20:48, 30 қазан 2026
Астанада ер адам өзін негізсіз жұмыстан шығарған жұмыс берушісінен 7 млн теңге өндіріп алды
-
20:38, 30 қазан 2026
«Тұман түсіп, көктайғақ болады». Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды





