Маңғыстауда дала қояндары көзге түсті

09:33, 24 сәуір 2025

© Сурет: pixabay

Желіде далалық жерде түсірілген көжектердің бейнесі тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, бейне Маңғыстаудағы далалық аймақта түсірілген. Видео авторы көжектердің бірін сипап та үлгерді.

Пікірлердің көпшілігі үрпек көжектердің сүйкімділігі жайлы жазды, енді бір топ оларға қол тигізуге болмайтынын, әйтпесе анасы оларды қабылдамауы мүмкін екенін айтты.

"Қояндар көжектерінен адамның иісін сезсе, оларды тастап кетуі мүмкін. Негізінен кез келген жануарды алыстан бақылаған дұрыс",- деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Бұған дейін Таразда ағаш құлап, бүлінген көлік шығынын әкімдік өтейтіндігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!