Маңғыстау теміржол станциясында ауыр қылмыс жасаған Қазақстан азаматы ұсталды

21:38, 18 ақпан 2025

© Сурет: polisia.kz

2024 жылдың басынан бері 23 қылмыскер ұсталды, оның жетеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 16 адам іздестіру бастамашыларына берілді. Ұсталғандардың қатарында негізінен ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағандар бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның хабарлауынша, 5 ақпанда Маңғыстау теміржол станциясында көліктегі полиция департаменті жедел бөліністерінің қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады. Ұсталған азамат изоляторға қамалды. Ол Қазақстанға Түркиядан келген.

8 ақпанда Алматы халықаралық әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Қылмыскер Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 132-бабында көзделген қылмыс, яғни, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін 2023 жылдан бері іздеуде болған. Ол Қазақстанға Грузиядан келіп, артынша изоляторға қамалды.

Сонымен қатар аумақтық полиция департаменттерімен өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде Қазақстанның әртүрлі өңірінде іздеуде жүрген 5 қылмыскер ұсталды. Сондай-ақ хабар-ошарсыз жоғалған үш азаматтың орналасқан жері анықталды.

Айта кетейік, 2024 жылы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 127 қылмыскерді анықтап, ұстады

Оның ішінде 50 қылмыскер - Ресей, Өзбекстан, Армения, Қытай, Үндістан, Түркия, Польша және Әзірбайжан азаматтары. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторларына қамалды, ал 77-сі іздестіру бастамашыларына берілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!