Маңғыстау облысындағы жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізу көзделді

09:00, 15 қыркүйек 2017

Маңғыстаудағы жерасты мешіттері топтамасын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралары тізіміне енгізу жоспарланып отыр. Батыс Қазақстандағы ең көне сәулет ескерткіштері – Шақпақ ата жерасты мешіті, Шопан ата, Қараман ата мешіттері мен Қазақстанның 7 кереметіне енген Бекет ата жерасты мешіті.

Мамандардың айтуынша, тастан ойып салынған бұл жерасты мешіттерінің әлемде баламасы жоқ. X-XVIII ғасырларда салынған діни сәулетті ескерткіштердің қабырғасы сөгілместен6 осы күнге дейін жақсы сақталған. Қазір осы нысандардың инфрақұрылымын дамытып, жол салу жұмыстары жүргізілуде.

Пәния Сармурзина, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары:

-Ескерткіштердің, әсіресе құрылысы жағынан ерекшелігі дүние жүзі мамандарын таңдандырып отыр. Ал осы ескерткіштерді жерасты мешіттерін сериялық негізде бүкіләлемдік ЮНЕСКО-ның мұрасына енгізу бойынша қазіргі таңда жұмыстар басталып кетті. Бұл мешіттерді ЮНЕСКО-ға енгізудің арнайы ережесі бар.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!