Маңғыстау облысында есірткіні жарнамалайтын 125 интернет-ресурс бұғатталды
© Сурет: ҚР ІІМ
Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қаңтар айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысын шығарды.
Өткен айда өңірде заңсыз есірткі айналымына байланысты 36 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 12 есірткі қылмысы тіркелді.
Сонымен қатар есірткі заттарын өткізу бойынша – 24 дерек, есірткі заттарын сақтау бойынша – 8 дерек және есірткі немесе психотроптық заттарды тұтынуға көндіру бойынша бір дерек анықталды.
Жалпы заңсыз есірткі айналымына қатысты 24 теріс қылық тіркелді. Жедел іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 940 грамм есірткі тәркіленді.
Оның ішінде 515 грамм марихуана, 25 грамм синтетикалық есірткі, 30 дана тропикамид, 397 грамм героин және 3 грамм апиын бар. Қылмыстық істер аясында 12 адамға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Профилактикалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде. Есепті кезеңде 83 алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылып, оған жастар мен еріктілерді қоса алғанда 6 мыңға жуық азамат қатысты.
Ақтау қаласының қоғамдық орындарында есірткіні насихаттайтын 40 граффити жазуы анықталып, жойылды. Сонымен қатар есірткі және олардың аналогтарын жарнамалайтын әрі таратумен айналысқан 125 интернет-ресурс бұғатталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:56, 6 ақпан 2026
Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жыл кіруге тыйым салынды
-
12:49, 6 ақпан 2026
Семейде қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылды
-
12:36, 6 ақпан 2026
«Asar Baspana» қаржылық пирамидасы: тергеп-тексеру аяқталды, іс сотқа жолданды
-
12:27, 6 ақпан 2026
Астанада қар күреу жұмысына 3 000-нан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды
-
12:15, 6 ақпан 2026
Алматыдағы «Никольский» базары 2,2 млрд теңгеге заңсыз берілгені анықталды: сот үкімі шықты





