Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту ұсынылды

17:18, 5 ақпан 2026

© Сурет: Zakon.kz

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров 2026 жылғы 5 ақпанда Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында ұлттық валютаның рөлі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, ұлттық валюта — мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі мен егемендігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі.

Оның сөзінше, өз валютасының болуы дербес ақша-несие саясатын жүргізуге, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, ішкі нарықты қорғауға және жаһандық дағдарыстарға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.

"Ұлттық валюта – егемен мемлекеттің негізгі атрибуттарының бірі. Өз валютасының болуы елдің саяси дербестігін, экономикалық егемендігін және ішкі әрі сыртқы қаржы саясатын еркін жүргізе алу қабілетін білдіреді. Ұлттық валюта – мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығының айқын көрінісі. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге екенін Конституцияда нақты бекіткен дұрыс деп есептеймін", – деді ол.

Депутаттың сөзінше, бұл – әлемдік тәжірибеде бар норма. Ол мысал ретінде Әзербайжан, Армения және Қырғызстанның негізгі заңдарында ұлттық валюта туралы ереже бар екенін келтірді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!