Қарин қолданыстағы Конституция мен жаңа Негізгі заң арасындағы айырмашылықтарды атады
© Сурет: Telegram/consud.kz
Мемлекеттік кеңесші және комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин 2026 жылғы 5 ақпанда өткен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында қолданыстағы Конституция мен жаңа Негізгі заң арасындағы айырмашылықтар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлан Қариннің айтуынша, оған конституциялық реформаға қатысты қазақстандықтардан көп өтініш пен ұсыныс түсіп жатыр.
"Азаматтар жаңа Конституция жобасын оң қабылдап жатыр. Бұл, сөзсіз, қуантады. Ұсынылып отырған нормаларды қолдап отырғандардың барлығына алғыс айтқым келеді. Дегенмен 1995 жылғы Конституцияны қалдыруды ұсынатындар да бар. Осы сауалдарға да жауап бергім келеді", – деді ол.
Оның сөзінше, жаңа Конституцияның бас жаңалығы тек мазмұнында емес, сонымен қатар тұжырымдарының сапасында. Мысал ретінде ол қолданыстағы Негізгі заңның бірнеше бабын атады.
"1995 жылғы Конституцияның 13-бабының 1-тармағында: "Әркім өзінің құқық субъектілігінің танылуына құқылы және өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілмен, соның ішінде қажетті қорғану арқылы қорғауға құқылы" деп жазылған. Бұдан нені түсінуге болады? Мен бұл бапты бір емес, бірнеше рет оқысам да, оқыған адам да, тыңдаған адам да ештеңе түсінбейді. Неге? Себебі қолданыстағы Конституцияны дайындау кезінде бірқатар өрескел қателік жіберілген", – деді ол.
Оның айтуынша, осындай күрделі әрі түсініксіз сөйлемдер мен тұжырымдар қолданыстағы Негізгі заңның көптеген бабында кездеседі.
"Сондықтан 1995 жылы қабылданған ескі Конституция мен жаңа Конституцияның арасында мазмұны, қағидаттары, жаңашылдығы, тілі мен редакциясы тұрғысынан орасан зор айырмашылық бар деу артық емес. Жаңа Конституция мәтінін жас та, егде жастағылар да бірдей түсініп, қабылдай алады. Бұл – жаңа Конституцияның үлкен артықшылығы әрі ерекшелігі", – деп атап өтті Ерлан Қарин.
Ол жаңа Конституция жобасы кейбір әлеуметтік желілерде айтылғандай бірнеше аптада емес, бірнеше айлық жұмыстың нәтижесі екенін мәлімдеді.
"2025 жылдың қазан айында eGov платформасы арқылы М.Нәрікбаев университетінің профессоры Марат Ахмадиден 15 беттен тұратын ұсыныс түсті. Құжатта ол қолданыстағы Конституция мәтінін егжей-тегжейлі талдап, терминологиялық қателіктерді, сондай-ақ бірқатар мағыналық және ұғымдық дәлсіздіктерді көрсетті. Ол Ақордаға анықталған ескертулерді егжей-тегжейлі талқылау үшін шақырылды. Кейін бұл мәселелер университет басшылығымен қаралып, қараша айының басында университет жанынан Марат Ахмади, Нұржан Ешниязов, Абай Абылай және басқа да оқытушылар мен мамандар кірген арнайы жұмыс тобы құрылды", – деді Ерлан Қарин.
Ол желтоқсан айының басында жұмыс тобына өзге де белгілі ғалымдар, тіл мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері және парламент аппаратының қызметкерлері қосылғанын айтты. Соның нәтижесінде, Ерлан Қариннің пікірінше, жаңа Конституция мәтіні түсінікті, стилистикалық әрі грамматикалық тұрғыдан дұрыс болып шыққан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:40, 5 ақпан 2026
Петропавлда полицейлер әлеуметтік желідегі таралған хабарламаны тексерді
-
20:13, 5 ақпан 2026
Александр Бублик Астанада бір жасқа толған баланың тұсауын кесті
-
20:00, 5 ақпан 2026
Ақтөбеде полицейлер дропперді ұстап, қомақты қаражаттың шетелге шығарылуына жол бермеді
-
19:50, 5 ақпан 2026
Семей тұрғыны танысының телефонын уақытша алып, несие рәсімдеген
-
19:40, 5 ақпан 2026
6 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды





