Жамбыл облысында 95 келіден астам марихуанамен ұсталған тұрғын сотталды
© Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы маусым айында "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері аса ірі мөлшердегі есірткі құралдарының заңсыз айналымын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Меркі ауданына қарасты Қарасу елді мекеніндегі күзетілмейтін теміржол өткелінің маңында көлік полицейлері Жамбыл облысының 50 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру барысында одан жалпы салмағы 95 келіден астам кептірілмеген марихуана тәркіленді.
Тергеу барысында ер адамның жабайы түрде өсетін құрамында есірткі бар өсімдікті әдейі жинап, оны кейіннен өткізу мақсатында дайындағаны анықталды.
Аталған дерек бойынша өткізу мақсатында есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Меркі аудандық сотының үкімімен қылмыс жасаған азамат кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Көліктегі ПД есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес қызметтің басым бағыттарының бірі болып қала беретінін және жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 5 ақпан 2026
Қазақстанда кейінгі 10 жылда балалар саны 1,5 млн-ға артқан
-
20:40, 5 ақпан 2026
Петропавлда полицейлер әлеуметтік желідегі таралған хабарламаны тексерді
-
20:13, 5 ақпан 2026
Александр Бублик Астанада бір жасқа толған баланың тұсауын кесті
-
20:00, 5 ақпан 2026
Ақтөбеде полицейлер дропперді ұстап, қомақты қаражаттың шетелге шығарылуына жол бермеді
-
19:50, 5 ақпан 2026
Семей тұрғыны танысының телефонын уақытша алып, несие рәсімдеген





