«Asar Baspana» қаржылық пирамидасы: тергеп-тексеру аяқталды, іс сотқа жолданды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көп деңгейлі "Asar Baspana" қаржы пирамидасы қызметінің фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады.
Пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен.
Қаржылық пирамида қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылған және олар 25 млрд теңгеден астам қаржы салған.
Бұл ретте ақша қаражаты көптеген жағдайларда жеке кәсіпкерлердің бақылаудағы шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылар жеке мақсаттарына пайдаланған, ал қаражатты есепке алуды, қылмыс іздерін жасыру мақсатында әдейі жүргізбеген.
Қылмыстық іс сотқа жолданды. Қала прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, жылдам және кепілдендірілген табыс табу уәделеріне сенбеуге шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:54, 6 ақпан 2026
Абай облысында университетке түсуге көмек көрсетем деп алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
-
13:49, 6 ақпан 2026
Қазақстанда фильмдерді тексеру мерзімі ұзартылып, сапаға басымдық беріледі
-
13:28, 6 ақпан 2026
Балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу: заң жобасы Парламентке қашан жетеді
-
13:16, 6 ақпан 2026
Жанатастағы дауыл: тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес берілді
-
13:09, 6 ақпан 2026
Қазақстанда шетелдік әртістердің концертін ұйымдастыру тәртібі қайта қаралады





