Алматыда рөлге ие бола алмай қалған Mercedes жүргізушісі жолаушылар автобусымен соқтығысты

14:06, 5 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Алматыда 2026 жылғы 4 ақпанда Қазақфильм ықшамауданында жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиғаға қатысты қаланың ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат орнынан түсірілген бейнекадрлар Telegram-арналардың бірінде жарияланған.

Қалалық полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 19:20-да Бостандық ауданында болған.

"Mercedes маркалы автокөлік жүргізушісі Есеналиев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, сол көшемен батыс бағытта қозғалып келе жатқан Yutong маркалы автобуспен соқтығысқан", – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Апат салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы жарақат алып, оларға уақытылы медициналық көмек көрсетілді.

"Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр", – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Жетісу облысында жол апатынан бес адам көз жұмғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!