Маңғыстау облысында бір мектепті екі-ақ түлек бітіріп шықты

16:57, 1 маусым 2023
149

© Сурет: Zakon.kz

Маңғыстау облысы Сарға ауылындағы мектеп-интернатында оқушы санына байланысты 11-сыныпты екі-ақ түлек бітірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндағы Бейнеу мектеп-интернатында соңғы қоңырау соғылып, 11-сыныпты тек екі қыз бала аяқтады, деп жазды mangystaumedia.

Мектеп директоры Айса Сағындықовтың айтуынша, оқушылардың көбі 9-сыныптан кейін колледжге түсіп кеткен.

"Биыл Сарға ауылындағы Бейнеу мектеп-интернатынан 2 түлек бітірді. Былтыр осы сыныпта көрші ауылдан екі ер бала келіп оқыған еді. Алайда 11-сыныпқа көшетін уақытта олар кетіп қалды. Себебі, дене тәрбиесі секілді сабақтар ер балалар үшін қызықсыз болды. Бейнеу мектеп-интернатында 104 оқушы бар. Бізде 11 сыныпқа дейін оқушылар іріктеліп, тек екеуі ғана қалды. Көбі 9-сыныптан кейін колледжге түсті", – дейді мектеп директоры Айса Сағындықов.

Ол оқушы аз болған жерде өзара жарысып оқу деген мүлде болмайтынын айтты.

"Егер сыныпта 15-20 оқушы болса, сабақ қызықты бола түсетіні сөзсіз. Ал екі оқушы болғаннан кейін оларды ынталандырып, қызықтыру мұғалімге оңай емес. Біздің биылғы түлектердің екеуі де қыз балалар. Алда өздері қалаған оқу орнына түсеміз деп отыр", – дейді мектеп басшысы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!