Маңғыстау облысы аумағына тараған жағымсыз иіске қатысты экологтар түсінік берді
© Сурет: pixabay
Маңғыстау облысы экология департаменті облыс аумағындағы жағымсыз өрт иісі бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экологтар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне келіп түскен хабарламалар бойынша департамент мамандары Жетібай ауылы, Жаңаөзен қаласы, Ақтау қаласының атмосфералық ауасына өлшемдер жүргізуді жалғастырып жатқанын жеткізеді. Сондай-ақ ауадағы жану иісі (запах гари) облыстық көлемде, яғни Ақтау Жаңаөзен қалалары, Жетібай ауылы, Маңғыстау ауданының Шетпе, Қызан, Ақшымырау, Шайыр ауылдарында да орын алып отырғаны нақтыланады.
"Алдын ала жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ауада өндірістік ластаушы заттектердің (газдардың) шамадан тыс артуы тіркелмеді. “Казгидромет” РМК автоматты бекеттері де бүгінгі таңда зиянды заттектердің шамадан тыс артуы тіркелмегендігін растап отыр". Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі
Аталған иіс болжамды жану иісі (запах гари) деп саналғандықтан, департамент төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп иіс шығу ошағын анықтау жұмыстарын әлі жүргізіп жатқаны нақтыланады.
Қабылданған шаралар бойынша қосымша ақпараттар кейінірек ұсынылатыны да ескертілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





