Қызылордалық жігіт жалғызбасты аналарды перзентханадан қарсы алып, гүл сыйлап, үйлеріне жеткізіп жүр
© Сурет: Мағжан Нәлібаевтың жеке мұрағатынан, коллаж Zakon.kz
Қызылордалық Мағжан Нәлібаев перзентханадан ешкімі күтіп алмайтын әйелдерге қолдау көрсетіп жүр. Ол оларды өзі қарсы алып, гүл мен жөргектер сыйлап, үйіне дейін жеткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанда соңғы уақытта перзентханадан шығатын жалғызбасты аналарды арнайы қарсы алу дәстүрге айнала бастады. Кейбір қалаларда бұл іспен әйелдер айналысса, Қызылордада бұл бастаманы ер адам қолға алған.
"Мен мұндай тренд бар екенін білмедім. Менің ешқандай волонтерім де, қолдау көрсететін тобым да жоқ, қарапайым зауыт жұмысшысымын. Бұл іске кездейсоқ келдім: бір күні досымның әйелі перзентханадан шығатын болып, соны күтіп алуға бардым. Бізбен бірге туыстары да барды, қолымызда – гүлдер, сыйлықтар, тіпті аниматорлар да шақырдық. Осы кезде перзентханадан өздерін қарсы алатын ешкімі жоқ әйелдердің шығып жатқанын көрдім. Олардың күйеулері, тіпті туыстары да келмеген", – дейді Мағжан Нәлібаев.
Айтуынша, бұл көрініс оған қатты әсер еткен. Содан кейін ол TikTok-қа видео жариялап, Қызылордадағы жалғызбасты аналар оған хабарласа алатынын, өзі оларды перзентханадан шығарып алып, көңілдерін көтеретінін айтқан.
Осылайша, оның көмегіне жүгінушілер біртіндеп хабарласа бастаған. Біріне киім, біріне жөргек керек болған, енді бірлері шығатын күнін алдын ала айтып, хабарласып отырған. Ол бұл іс арқылы қалада жалғызбасты аналардың аз еместігін байқаған.
Бүгінде Мағжан бірнеше әйелге қол ұшын созып та үлгерген. Оның бұл ісіне тәнті болған қызылордалықтар да қолдау білдіріп, әуенмен қарсы алатындарын, көліктерін бере алатындығын, нәрестеге жабдықтай көмектесуге дайын екендерін жеткізген.
Белгілі болғандай, кейіпкеріміз бойдақ болып шықты, ол ер адамның жауапкершілігі – оның кемелдігі, адамгершілігі және мейірімі екенін айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:24, 12 желтоқсан 2025
Оралда ер адам жалған ақшаны пайдаланып, тауар сатып алып жүрген
-
18:16, 12 желтоқсан 2025
Алматыда мектепке қатысты қорқыту жазбасын жазған 8-сынып оқушысы ұсталды
-
18:06, 12 желтоқсан 2025
Шаңғы жарысынан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандық спортшылар командалық спринтте бақ сынайды
-
17:45, 12 желтоқсан 2025
Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ: Қазақстан элиталық дивизионға шығу мүмкіндігінен айырылды
-
17:30, 12 желтоқсан 2025
Қазақстанда 13 желтоқсанда тұман түсіп, боран соғады





