Қызылордалық азаматты бопсалаған Шымкент қаласының үш тұрғыны ұсталды
© Сурет: ҚР ІІМ
2 желтоқсан күні Қызылорда қалалық полиция басқармасының "102" арнасына 21 жастағы азамат хабарласып, бейтаныс азаматтар ұрып соғып, өзін масқаралайтын мәліметтерді (бейнежазба мен суреттерін) жария етемін деп қорқытып, ақша талап еткендігін айтқан.
Жәбірленуші азамат талап етілген 250 мың теңге ақшаны несие арқылы рәсімдеп, күдіктілерге берген. Кейін олар ақшаны өз пайдаларына жаратқандығы белгілі болды.
Күдіктілердің іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуына байланысты басқарманың криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде ақша бопсалады деген күдікпен Шымкент қаласының 18 және 21 жастағы үш тұрғыны ұсталды.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2- тармағымен (Қорқытып алу, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





