Қызылордада жалған вакцина паспортын жасаған медбике анықталды
© Сурет: видеодан кадр
Қызылордада жалған вакцинация паспортын жасаған медбике анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
26 шілдеде Қызылорда облысы Полиция департаментімен жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Қызылорда қаласының тұрғынына емханалардың бірінің медбикесімен коронавирусқа қарсы вакцина алғандығы жөнінде жалған вакцинация паспортын жасау дерегі анықталды.
Ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жалпы бүгінгі күнге облыс бойынша коронавирустық инфекцияға байланысты жалған вакцинация паспортын ақпараттық жүйеге енгізгені үшін және жалған ПЦР-тест дайындау, өткізу, пайдалану бойынша төрт дерек тіркелді.
Қазіргі таңда бұл қылмыстық істер бойынша да тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені үшін ҚР ҚК-нің 206-бабымен және жалған құжатты дайындау, өткізу, пайдаланғаны үшін ҚР ҚК-нің 385-бабымен қылмыстық жауапкершіліктер көзделген, яғни ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша ең ауыр жаза төрт жылға дейінгі және ҚР ҚК-нің 206-бабы бойынша ең ауыр жаза үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qyzylordada-zhalghan-vaktsinatsiya-pasportyn-zhasaghan-medbike-anyqtaldy/
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
-
19:49, 26 сәуір 2024
Павлодарда болған жол көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті
-
19:30, 26 сәуір 2024
Анна Данилина Португалиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
-
19:12, 26 сәуір 2024
«Айбын» орденіне Нұрмағамбетовтің, Момышұлының және Қошқарбаевтың есімдері берілді
-
18:43, 26 сәуір 2024
Қызылорда облысында «Жасыл аймақ» апталығы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтті