Қызылордада өзгенің көлігін сатып жіберген адам ұсталды
© Сурет: Zakon.kz
Қызылордада өзгенің көлігін сатып, ақшаны қалтаға басқан адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын болғандығын айтып, полицияға арызданған.
Әйелдің айтуынша, қыркүйек айында жергілікті тұрғын сеніміне кіріп, Lexus үлгісіндегі автокөлігін сатып беремін деп уәде беріп, көлікті иемденіп алған.
"Күдікті қала тұрғынына жалған айтып, автокөлігін сатып жіберген. Өзінің алданғанын түсінген азаматша дереу полиция басқармасына арызбен жүгінді. Жәбірленушіге 5,6 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 28 жастағы күдікті ұсталды.Ол Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 2 қаңтар 2025
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде жолдар жабылды
-
17:55, 2 қаңтар 2025
Алматыдағы «Москва» сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты
-
17:46, 2 қаңтар 2025
Алматы облысы мен Жетісу облысында жер сілкінді
-
17:26, 2 қаңтар 2025
Мемлекет басшысы Черногория Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
17:13, 2 қаңтар 2025
Қарағандылық құтқарушылар шетелдік әйелге көмек қолын созды