Қызылордада құтқарушылар өрт кезінде ер адамды жалыннан алып шықты

20:45, 24 сәуір 2025

© Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт 35 шаршы метр аумақты шарпыды.


"ТЖМ күшімен өрт салдарынан күйік алған ер адам құтқарылды. Сондай-ақ, құтқарушылар 3 газ баллонын уақтылы шығарып, соның арқасында ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік туды", - деп хабарлады ведомство.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!