Қызылордада колониядағы танысына әйел адам сүйек майына есірткі жасырып өткізбекші болған

17:09, 2 қараша 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қызылордада колонияға әйел адам сүйек майына жасырылған есірткі заттарын өткізбекші болғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 60 (қауіпсіздігі аралас) мекемесінде қарақшылық үшін жазасын өтеп жатқан сотталған азаматқа әйел адам есірткіні сүйекке жасырып өткізуге тырысқан. Азық-түлік салынған сөмкені арнайы құрылғы арқылы тексеру барысында заттардың күмәнді түсі байқалған.

Тексеру тобының қызметкерлері сүйектің ішінен түйіншектерді тапқан. Жедел-тергеу тобы шақырылып, табылған зат сараптамаға жіберілді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың салмағы 129,9 грамм кептірілген марихуана болып шықты.

"Сотталғандар және олардың туыстарына ескерту мен түсіндірме жүргізілді. Соған қарамастан, колонияға тыйым салынған заттарды жеткізуге әрекет ету тіркеледі. Аталған жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деді Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Жәнібек Зиябеков.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!