Қызылордада көлік тізгіндеген жасөспірім жауапқа тартылды
© Сурет: Zakon.kz
Қызылордада көлік тізгіндеген жасөспірім жауапқа тартылып, ата-анасына қатысты материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері қаладағы бейнекамералармен жұмыс атқару барысында женіл автокөліктің орталық көшелердің бойында қос жалпақ сызықты басып, жолдың қарама-қарсы бағытына шыққанын, сондай-ақ бағдаршамның қызыл түсіне өткенін байқайды.
Дереу бағыт-бағдар беріліп, автокөлік патрульдік полиция бекетімен тоқтатылды. Тексеру барысында аталған автокөліктің жүргізушісі кәмелеттік жасқа толмаған облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Осыған сәйкес құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) және 596 бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, автокөлік айып алаңына қойылды.
Жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) хаттама толтырылып, құжаттар қалалық мамандандырылған ювеналдық сотқа жолданады. Айта кетерлігі, Қызылордада жыл басынан жолдың қарама-қарсы бағытына шыққан 206 жүргізуші анықталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:33, 16 желтоқсан 2025
Қызылордада алғаш рет бір күнде үш бүйрек ауыстырылды
-
22:21, 16 желтоқсан 2025
«Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті
-
21:53, 16 желтоқсан 2025
Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын айтты
-
21:39, 16 желтоқсан 2025
Астанада ертең оқушылар қашықтан оқиды
-
21:04, 16 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт бұзылады: үш күнге арналған болжам





