Қызылордада «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
© Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін, 2026 жылы 5 қаңтарда Қызылорда қаласында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында салынған "Достық үйінің" жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рәсімге Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Наурызбай Байқадамов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Аян Зейнуллин, "ҚазАтомӨнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, "Самұрық-Қазына Траст" корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева, құқық қорғау органдары мен жауапты салалардың басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Аймақ басшысы жаңа ғимарат ел игілігіне қызмет ететінін айтып, құттықтау сөзін жеткізді.
"Бірлік – халқымыздың тұтастығы мен ырыс-ынтымағының, үйлесімді қарым-қатынасының, татулығының көрінісі. Ел болудың бірден-бір алғышарты. Өңірімізде 30-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Ассамблея жанында 11 этномәдени бірлестік бір мүдде, бір мақсат жолында ұйысып, елдің бірлігін сақтау бағытында жұмыс жасауда. Береке-бірлігіміздің ұйытқысына айналып, еліміздегі этносаралық достық пен бірліктің үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына өткен жылы 30 жыл толды. Бүгінде Ассамблея халқымызды бірлікке, достыққа үндейтін жалпыұлттық келісімнің негізіне айналды. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, өткен жылы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Өздеріңізбен бірге осы жерде жаңа ғимараттың іргетасын қалаған болатынбыз. Міне бүгін, тарихи сәтте қайта қауышып, "ҚазАтомӨнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының демеушілігімен 3 млрд 800 млн теңгеге салынған "Достық үйінің" заманауи ғимаратын ел игілігіне табыстаудамыз". Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өңір басшысы жаңа нысанның бой көтеруіне демеушілік жасағаны үшін "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлына, ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Юсупов Мейіржан Бақытұлына барша Сыр жұртшылығынан әрі өз атынан да шынайы алғыс білдірді.
"Жалпыұлттық тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің қайнар бұлағы – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында бой көтерген, достық пен келісімнің нышанына айналатын жаңа ғимарат баршаңызға құтты болсын!", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Салтанатты рәсімде бірлік пен келісімнің нығаюына елеулі үлес қосқан Ассамблея мүшелері мен жаңа ғимаратты сапалы етіп салған мердігер мекеме өкілдері облыстың ең жоғарғы наградасы – Қызылорда облысының Құрмет Грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Марат Әзілханов, Мұрат Әбенов және Мейіржан Юсупов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, бұл – бірлік мен ынтымақты нығайтуға атсалысқан этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея белсенділері үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген замануи ғимарат. Мұнда этномәдени бірлестіктердің, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің, Азаматтық Альянс өкілдерінің де толық жабдықталған жұмыс кабинеттері бар. Қала сәулетіне сән қосқан жаңа ғимараттағы 200 орындық концерттік, 50 орындық акт залдарында мәдени-рухани шаралар ұйымдастыруға болады. Шығармашыл жастарға арналған домбыра, ән, би үйірмелеріне, медиация орталығы, музей, Ассамблея жанындағы ғылыми сарапшылық топтарға да жағдай жасалған.
"Достық үйі" азаматтық қоғам институттарының басын қосатын, жаңа бастамаларды ілгерілететін орталыққа айналады.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 7 қаңтар 2026
«Қайрат» сапынан негізгі құрамдағы екі ойыншы кетті
-
17:33, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
16:58, 7 қаңтар 2026
Талдықорғанда түтінге толған үйден жеті бала құтқарылды
-
15:58, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда Қазақстанның қай өңірлерінде жауын-шашын түсіп, боран соғады
-
15:30, 7 қаңтар 2026
ШҚО-да полицейлер жүргізушілерді қар құрсауынан құтқарды





