Қызылордада бір тәулікте 10 жасөспірім жоғалған
© Сурет: polisia.kz
Қызылордада бір тәулікте жоғалған 10 жасөспірім табылып, ата-анасына табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір тәулікте полицияның "102" арнасына 10 жасөспірімнің хабар-ошарсыз кетуі бойынша өтініштер келіп түскен. Тәртіп сақшылары дереу іздестіру шараларын бастап, қала көлеміндегі барлық полиция күштеріне бағыт-бағдар беріліп, белсенді жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде барлық жасөспірім табылып, аман-есен ата-аналарына тапсырылды.
Қала тұрғындары полиция қызметкерлеріне көрсеткен жедел көмегі үшін ризашылықтарын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Ювеналды полиция қызметкерлері алдағы уақытта да бала қауіпсіздігі бағытындағы шараларды күшейтіп, қоғаммен бірлесе жұмыс жүргізетіндерін жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:42, 16 наурыз 2026
Мал шаруашылығы өсіп келеді: жаңа статистика нені көрсетеді
-
14:37, 16 наурыз 2026
Әнші Рахат Тұрлыханов тағы да отбасылық жанжалдың ортасында қалды
-
14:26, 16 наурыз 2026
«Ағайынды Құдайбергендердің сымбатына сөз жоқ!»: Димаштың жанкүйерлері жаңа «кумир» тапты
-
14:15, 16 наурыз 2026
«Жұмысқа орналасуға көмектесемін»: Абай облысында алаяқтық фактісі ашылды
-
14:07, 16 наурыз 2026
Ауа райы қазақстандықтарды таң қалдырады: температура +20°С дейін көтерілсе де, қар жауады





