Сәуірдің басында банк шоттарының жаппай бұғатталуына не себеп болды
© Фото: pexels
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2026 жылғы 14 сәуірде Үкіметтегі брифингте қазақстандықтардың банк шоттарының жаппай бұғатталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бұл жағдай 2026 жылғы 9 сәуірде орын алған.
"Бұл жаңа ақпараттық жүйелерді енгізумен байланысты. Өздеріңіз білесіздер, қазір біз кедендік және салықтық жүйелерді толық жаңғыртып жатырмыз. Интеграцияланған салықтық әкімшілендіру жүйесін енгізу аясында осындай ақау болды. Мәселе берешек туралы орындалмаған хабарламаларға қатысты шықты. Кезең талап қою мерзімі шеңберінде таңдалды. Сондықтан жүйе автоматты түрде бұрынғы кезеңдерден қарызы бар барлық адамдарды қамти бастады. Міндет – 1 қаңтардан бастап барлық борышкерлерді анықтау болды", – деп түсіндірді вице-министр.
Оның айтуынша, бұл жерде әдістемелік те, техникалық та қателік болуы мүмкін.
"Кәсіпкерлерге қолайсыздық туғызғанымыз үшін кешірім сұраймыз. Мұндай техникалық қателіктердің болатынын мойындаймыз. Бірақ ең бастысы – біз бұл жүйені енгіздік. Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін жүйелер жиі істен шығып, баяу жұмыс істейтін. Ал жаңа жүйелерді енгізу арқылы біз қуаттылықты арттырып, бизнеспен жұмысты жеңілдеттік. Дегенмен кез келген жаңа жүйеде бастапқыда ақаулар болуы мүмкін. Мұндай жағдай енді қайталанбайды деп ойлаймын. Тағы да болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Өз тарапымыздан барлық қажетті шаралар қабылданды", – деп қосты вице-министр.
Бұған дейін кәсіпкерлердің мемлекет алдындағы қарызы қанша екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 19 мамыр 2026
Атырауда 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді
-
22:45, 19 мамыр 2026
Семейлік мектеп оқушысы прокурорға сенім артып, өгей әкесінің зорлығынан құтылды
-
22:01, 19 мамыр 2026
Алматыда 2 мыңнан астам адамды кене шаққан
-
21:40, 19 мамыр 2026
Нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: ұлттық құраманың тізімі
-
21:18, 19 мамыр 2026
Дзюдодан Эстониядағы European Open турнирінде ел намысын кімдер қорғайды





