«Алтын-Емел» ұлттық паркі маңындағы қоқыс мәселесі: аумақ толық тазартылды
© Фото: Zakon.kz
Жетісу облысында орналасқан Алтын-Емел ұлттық паркі маңындағы қоқыс орны толықтай тазартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәліметке сай, "Сарыөзек–Көктал" автожолының Алтынемел асуының 65-шақырымында орналасқан аумақ қоқыстан толықтай тазартылды.
Тазалау жұмыстары арнайы техникалардың көмегімен ұйымдастырылып, қысқа мерзімде реттелді.
"Аталған аумақта орналасқан бірнеше дәмхана иелеріне қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабының 1-ші бөлігіне сәйкес, әрқайсысына 21625 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Осы жаңдайды пайдалана отырып, екі арада жүретін жолаушылардан табиғатымызды аялауға, тазадықты сақтауды сұраймыз."Мәди Шәкенов, Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі
Нәтижесінде аталған аумақ толық ретке келтірілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 19 мамыр 2026
Атырауда 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді
-
22:45, 19 мамыр 2026
Семейлік мектеп оқушысы прокурорға сенім артып, өгей әкесінің зорлығынан құтылды
-
22:01, 19 мамыр 2026
Алматыда 2 мыңнан астам адамды кене шаққан
-
21:40, 19 мамыр 2026
Нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: ұлттық құраманың тізімі
-
21:18, 19 мамыр 2026
Дзюдодан Эстониядағы European Open турнирінде ел намысын кімдер қорғайды





