Ақтауда қант диабетіне шалдыққандардың денсаулығы нашарлай бастаған
© Фото: Zakon.kz
Ақтауда қант диабетіне шалдыққан кейбір науқастар тегін дәріден қағылып қалды.
Шамамен 20 адам аталған дертпен күресу үшін көп жылдан бері "Трулисити" препаратын қолданып келген. Алайда биылдан бастап бұл дәрі-дәрмек тегін берілетін препараттар тізімінен алынып қалды, деп жазады qazaqstan.tv.
Соның салдарынан науқастардың қан құрамындағы қант деңгейі күрт көтеріліп, денсауығы нашарлай бастаған. Ал дәріні өз қаражатына алайын десе, дәріханаларда сатылмайды.
Шетелден алдыру қымбат. Сондықтан олар "Трулисити" препаратын қайтаруды сұрайды. Бірақ денсаулық сақтау басқармасы бұл дәрінің диабетті емдейтін препараттар қатарына кірмейтінін айтады.
"Бұл препарат әрқашан қосымша ем ретінде қолданылып келген. Қазіргі таңда тиісті бұйрыққа сәйкес, бізде қант диабетін емдеуге арналған 9 препарат және 7 түрлі инсулин бар. Науқастарға "Трулиситиге" балама препаратқа көшуге кеңес береміз." Жанар Төлебаева, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша бас маманы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 19 мамыр 2026
Атырауда 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді
-
22:45, 19 мамыр 2026
Семейлік мектеп оқушысы прокурорға сенім артып, өгей әкесінің зорлығынан құтылды
-
22:01, 19 мамыр 2026
Алматыда 2 мыңнан астам адамды кене шаққан
-
21:40, 19 мамыр 2026
Нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: ұлттық құраманың тізімі
-
21:18, 19 мамыр 2026
Дзюдодан Эстониядағы European Open турнирінде ел намысын кімдер қорғайды





