Қызылорда облысында 99 үйірме арт-спортты желеу етіп, қаржы жымқырған
© Фото: Zakon.kz
Қызылорда облысында 99 жеке үйірмеге мемлекет тарапынан қаржыландыру тоқтатылды. АРТ-спорт бағдарламасы аясында жұмыс істеген ұйымдар жан басына қаржы алу үшін бала санын асыра көрсетіп, жалған мәліметтер өткізіп келген.
Арнайы мониторингтік топ өрескел олқылықтар мен заң бұзушылықтарды анықтап, нәтижесінде 3 миллиард теңге үнемделді, деп жазады qazaqstan.tv.
Аймақта балаларды өнерге баулу мақсатында 136 кәсіпкер жеке үйірме ашып, мемлекет қолдауымен жұмысын бастаған. АРТ-спорт жасөспірімдердің шығармашылығын дамытуға арналған бағдарлама. Бірақ, бұл жобаны кейбір кәсіпкерлер көлеңкелі бизнеске айналдырып, мемлекеттен бөлінетін қыруар қаржыны иемдену үшін түрлі қитұрқы әрекетке барған.
"47 кәсіпкермен келісімшартты біржақты бұзуға мәжбүр болдық. "Даму бала" платформасына тіркелген базада Қызылорда қаласындағы мекенжайды көрсетеді. Ал балаларын НУБД-мен ішкі аудит жүргізіп, өзіміз анықтаған кезде онда мысалы көптеген бала аудандардан шығып жатыр. Тіпті, басқа өңірлерден шығып жатыр." Мира Қазбекова, Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы
Сондай-ақ, спорт бағытында да талапқа сай келмейтін үйірмелер көп болып шықты. Мемлекеттік бағдарламамен спорт секцияларын ашқан 176 кәсіпкер осы кезге дейін қаржы алып келсе, зерделеу жұмыстарының нәтижесімен олардың саны 111-ге қысқарған. Ал үйірмелерге тіркелген 2 мыңнан астам баланың мәліметі жалған екені анықталып, тізімнен шығарылды.
"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған 30 күндік жады бар бейнекамералардың жоқтығы. Және балалардың гигиенасын сақтау үшін қойылған жуыну бөлмелерінің мүлдем болмауы. Осы кемшіліктердің бәрін анықтап, нәтижесінде 2,6 млрд теңге үнемделіп, бюджетке кері қайтарылды." Жұлдызбек Ерқосаев, Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Алдағы уақытта да АРТ-спорт бағдарламасына бақылау күшейеді. Салаға жауаптылар келер жылдан бастап әр үйірмеге "Face ID" жүйесін енгізуді талап етпек.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:20, 28 қараша 2024
Израильдіктер Газа секторында атысты тоқтатуды талап етті
-
12:09, 28 қараша 2024
Сүт бағасына қатысты жағдайға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді
-
11:56, 28 қараша 2024
Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр
-
11:42, 28 қараша 2024
Астанада ҰҚШҰ елдерінің сыртқы істер министрлері мен қорғаныс министрлері жиналды: олар нені талқылады
-
11:34, 28 қараша 2024
28 қарашадағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы