Таразда жолда апаттық жағдай тудырған куәлігі жоқ жүргізуші 3 тәулікке қамалды
© Фото: Zakon.kz
Облыс орталығы аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, ауыр жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін жүргізушіні анықтады.
Мемлекеттік нөмірі тағылмаған ВАЗ-2114 автокөлігі Жамбыл даңғылы бойында қарама-қарсы бағытқа шығып, екі жолақты сызықты кесіп өткені үшін тоқтатылмақ болған.
Алайда жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай, жылдамдықты арттырып, бірнеше көшеде бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп, жол ережелерін бұзуды жалғастырды.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде тоқтатылған құқық бұзушының жүргізу куәлігі де жоқ екендігі анықталды.
19 жастағы ер адамға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің түрлі баптары бойынша 18 хаттама толтырылды. Сондай-ақ мамандандырылған сот шешімімен ол 3 тәулікке қамауға алынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:00, 27 қараша 2024
Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін 12 тегін мұз айдыны қолжетімді болады
-
14:50, 27 қараша 2024
Қазақстанда ғылыми этика ережелері қабылданды
-
14:49, 27 қараша 2024
Ресейдің үш аймағында қазақ мектептері салынады – Білім министрлігінің басшысы
-
14:37, 27 қараша 2024
Гренландияда мұз қабатынын астынан құпия әскери қала табылды
-
14:23, 27 қараша 2024
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға заңды түрде жұмысқа қашан бара алады