Қызылорда облысында рейдтік іс-шаралар барысында 362 құқық бұзушылық анықталды

12:54, 20 ақпан 2026

© Фото: unsplash

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес құрылған арнайы жұмыс тобы аудандар аумағында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

Шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау.

Рейд барысында барлығы 362 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, тиісті құжаттары жоқ күйде көлік басқарудың 31 дерегі, қауіпсіздік белдігін тақпаудың 101 дерегі, қауіпсіздік белдігін қайталап тақпаудың 44 дерегі тіркелді.

Сонымен қатар көлік терезелерін заңсыз қараңғылау және ЛЭД жарық шамдарын орнатудың 36 дерегі, күндізгі жарық шамдарын жақпаудың 10 дерегі, көлік басқару кезінде телефон пайдаланудың 13 дерегі анықталды.

Сондай-ақ жүргізушінің мас күйінде көлік басқаруының бір дерегі және автокөлік құжаттарын өзімен бірге алып жүрмей басқарудың 8 дерегі белгілі болды. Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша заң аясында шаралар қабылданды. 55 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!