Аяқ киім жеткізіліміне бақылау әлсіз – тауарларды таңбалау операторы
© Сурет: pixabay
Цифрлық экономиканы дамыту орталығы ЖШС-нің бас директоры Бикеш Курмангалиева Қазақстандағы аяқ киімді таңбалау ерекшеліктері туралы айтып берді. Орталық Қазақстанда тауарларды таңбалау операторы болып табылады.
Оның айтуынша, аяқ киімді айналымға енгізгенге дейін өз қоймаларында таңбалауға рұқсат етілген. Алайда бұл бағытта ілгерілеу мардымсыз.
"Сондықтан аяқ киім бойынша бақылау мен әкімшілендіруді күшейту үдерісі жалғасып жатыр. Жоғары аудиторлық палата ескертулеріне сәйкес, аяқ киімді таңбалауды әкімшілендіру функциясы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қарауынан Қаржы министрлігі қарауына берілді", – деді Бикеш Курманғалиева.
Сондай-ақ ол еліміздегі аяқ киімнің 97%-ы импорт екенін атап өтті.
"Отандық өндіріс өте аз. Сондықтан Өнеркәсіп министрлігі тауарды елге әкелетін тұлғаларды анықтауда қиындыққа тап болады, себебі олар тікелей ведомствоға бағынбайды және бақылауында емес. Енді таңбаланған аяқ киімнің импортына әкімшілік жүргізумен Қаржы министрлігі айналысатын болады", – деп түсіндірді спикер.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда сыра және сыра сусындарына цифрлық таңбалау енгізілетіні хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:41, 20 ақпан 2026
Қазақстандағы оқу орындарында қызылшаға байланысты карантин қалай енгізіледі
-
15:37, 20 ақпан 2026
Қазақстанда -37°С-қа дейін аяз күтіледі
-
15:27, 20 ақпан 2026
Қазақстан Шайдоровты Олимпиадаға дайындауға қанша қаржы жұмсағаны белгілі болды
-
15:13, 20 ақпан 2026
Павлодарда түзеу мекемесіне телефон өткізу әрекеті дер кезінде анықталды
-
15:06, 20 ақпан 2026
Қордайда 14 жасар бойжеткен зорлыққа ұшырап, жүкті болып қалған





