Қызылорда облысында 7 мыңнан астам адам өзіне тиесілі тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмаған
© Сурет: pixabay
Қызылорда облысының прокуратурасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде өңірдегі 7 мыңнан астам тұрғынының дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, Қызылорда қаласының емханаларында балалардың жас шамасы ескерілмей, 1 мыңнан астам кәмелетке толмағанға негізсіз дәрі-дәрмек тағайындалған.
"Медициналық көрсетімдерсіз 170 науқас инсулин препараттарымен қамтамасыз етілген. Одан бөлек, 68 дана медициналық препараттың сақтау талаптары бұзылып, екі науқасқа жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар тағайындалған. Сонымен қатар өңірдің 14 медицина ұйымында заңсыз фармацевтикалық қызметпен 19 жұмыскер айналысқан", делінген хабарламада.
Анықталған заңдылықты бұзулар бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, қарау нәтижесімен 93 тұлға жауаптылыққа тартылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 18 желтоқсан 2025
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды
-
17:51, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Хироши Микитаниді қабылдады
-
17:49, 18 желтоқсан 2025
Қазақстан мен Қатар еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау жөніндегі ынтымақтастықты растады
-
17:33, 18 желтоқсан 2025
Абай облысында мас жүргізуші полицейлерден қашпақ болды
-
17:20, 18 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: спринтте үш қазақстандық спортшы өнер көрсетеді





