Тимофей Скатов Almaty Open бірінші айналымында чехиялық теннисшіге есе жіберді

14:28, 16 қазан 2024

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық теннисші, әлемнің 192-ракетасы Тимофей Скатов Almaty Open бірінші айналымында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тимофей Скатов турнирдің 1/16 айналымында чехиялық теннисші, әлемнің 25-ракеткасы Томаш Махашпен кездесіп, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстандық теннисші матч кезінде үш эйспен бірге үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.

Ал оның қарсыласы Махаш сегіз эйс жасап, төрт брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!