Қызылорда облысында екі жылдан бері қылмыс тіркелмеген ауыл бар
© Фото: Zakon.kz
Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жиделіарық ауылында екі жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауылда 170 отбасы тұрады, яғни, мыңға жуық адам бар.
Мұндағы отбасылардың барлығы дерлік мал ұстайды. Өйткені, ауылдық жерлерде мал мен егін – отбасының экономикалық әл-ауқатының негізі.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылда 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бірде-бір қылмыс жасалмаған.
Бұған азаматтардың тату-тәтті қатынаста болуы және учаскелік полиция инспекторы Орынбасар Олжабайұлының қолға алған профилактикалық шаралары негіз болды.
Атап өту керек, аталмыш ауылда екі дүкен бар, алайда, ешқайсысында алкоголь сатылмайды.
Орынбасар учаскелік инспектор болғандықтан, ол бірінші кезекте ауыл тұрғындарымен және ақсақалдармен, кент әкімшілігімен, жергілікті мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен өзара байланыс орнатқан.
Учаскелік инспектор ауыл әкімшілігімен бірге мал жаюды да ұйымдастырды. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, Орынбасар осы ауылға келгелі қылмыс тоқтаған.
Учаскелік инспектор мектеп қызметкерлерімен де тығыз байланыста. Оқушылармен, ата-аналармен рейдтер ұйымдастырып тұрады.
Айта кетейік, қарапайым халықтың қайнаған тіршілігінің ортасында жүрген тәртіп сақшысы үйде өнегелі отағасы. Жан жарымен бірге екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 19 шілде 2026
Қазақстан Қара теңіздегі дрон шабуылдарын қатаң айыптады
-
17:52, 19 шілде 2026
20 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
17:14, 19 шілде 2026
Қостанайда өртенген үйден өрт сөндірушілер 50 литрлік газ баллонын алып шықты
-
16:59, 19 шілде 2026
+45 градус: Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық сақталады
-
16:01, 19 шілде 2026
Алакөлде паром басып кеткен әйел екі аяғынан айырылды





