Тоқаев Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

17:29, 6 мамыр 2024

© Сурет: akorda.kz

2024 жылы 6 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және биылғы екінші жартыжылдықта Қазақстан Президентінің Белградқа сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!