Тоқаев Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қырғызстан Сыртқы істер ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, берік достық пен тату көршілік байланыстарға арқа сүйеген қазақ-қырғыз қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық сипатында қарқынды әрі дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Оның пікірінше, бұл келісімдер стратегиялық сипатқа ие әрі мемлекетаралық ықпалдастықты айтарлықтай нығайтады.
Жээнбек Кулубаев Мемлекет басшысына екі елдің сыртқы істер ведомствосы басшыларының арасында өткен келіссөздердің нәтижесі мен екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша бірлесе атқаратын жұмыстың негізгі бағыттары жөнінде мәлімет берді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты арттыруға, көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға, өзара инвестициялар және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі жандандыруға айрықша мән берілді.
Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:21, 10 қаңтар 2025
Биатлоннан Әлем кубогы: қазақстандықтар әйелдер арасында қандай нәтиже көрсетті
-
21:55, 10 қаңтар 2025
Жетісуда полиция жолда қалған Беларусь азаматына көмектесті
-
21:45, 10 қаңтар 2025
Қазақстандық дзюдошылар жаңа маусымға дайындықты бастап кетті
-
21:18, 10 қаңтар 2025
Полиция қызметкері Саран қаласының тұрғындарын өртеніп жатқан үйден құтқарып қалды
-
20:52, 10 қаңтар 2025
Жамбыл облысында тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды