Қызғалдақ фестиваліне барғандардың кейбірі жаяу жүруге мәжбүр болған. Әкімдік түсініктеме берді
© Сурет: Facebook/Аспандияр Сейсебаев
Жамбыл облысында 3 мамырда "Қызғалдақ мұра" фестивалі өтіп, оған 5000-нан аса адам жиналған. Әкімдік іс-шараға тіркелмей келгендердің қарасы көп болып, осыған байланысты тасымал тұрғысында мәселе болғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өңірімізде Қаратау бөктерінде ұйымдастырылған "Қызғалдақ мұра" фестивалі үлкен ауқымда өтті. "Қызғалдақ мұра" сайтында 3 232 адам тіркелген болса, 2000 адам тіркелмей барды. Жалпы адам саны 5000-нан асты. Жеке көлікпен келгендер саны 4 мыңға жуықтады. 700-ден астам жеке көлік, оның ішінде жеке спринтерлер болды. Азаматтарды тасымалдаудағы басты кедергі – жолдың бір жолақты болуы және тасымалдаушы көліктердің бір-біріне кедергі келтіруі", деп жазды Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқарма басшысы Аспандияр Сейсебаев Facebook-тегі парақшасында.
Оның айтуынша, фестивальға Тараз қаласынан арнайы дайындалған 20 автобуспен 918 адам келген. Ол азаматтарға 40 Нива автокөлігі, 10 ПАЗ автобустары дайындалған. Келеңсіз оқиғаға іс-шара аумағына жеке көліктерімен барамыз деген азаматтардың өз көліктерін төмен жақта жол бойына қалдырып, Тараздан келген қонақтарға арналған дайын көліктерге мініп, қосымша тасымалданатын адамдар санын арттыру арқылы кедергі келтіргендері себеп болған.
"Халық фестивальдан ерте қайта бастады. Сағат 14:00-ден бастап 15:00 аралығында адам легі көбейе түсті. Мен өзім басы-қасында болып, соңғы азаматтарды 17:20-да отырғызып жібердім. Барлығы жауапкершілікпен өтті. Зардап шеккендер болған жоқ. Әрине, бұл бағыттағы ауқымды шара өңірде алғаш рет ұйымдастырылғандықтан, кейбір келеңсіздіктер орын алды. Ол алдағы уақытта сабақ әрі үлкен тәжірибе болары сөзсіз. Дегенмен қонақтар мен шетелдіктердің, ғалымдардың берген оң бағасы мен жақсы пікірі фестивальдің өз деңгейінде өткендігін көрсетеді. Ең бастысы – Жамбыл облысында туризмді дамыту үшін тағы бір тартымды мекеннің пайда болғандығы", - дейді Аспандияр Сейсебаев.
Бұған дейін қатты нөсер жаңбырдан кейін Алматыда танымал демалыс орыны аумағына таудан тастар құлағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





