Қытайдан 2,7 млрд теңгенің тауарын заңсыз әкелгендер әшкереленді
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қытайдан Қазақстанға тауарларды ұзақ уақыт бойы экономикалық контрабанда жолымен заңсыз тасымалдаған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында қылмыстық топқа қатысы бар 37 компания анықталған. Олардың ішінде "Metlink" және "Urban Green" компаниялары бойынша ғана мемлекетке келтірілген залал көлемі 2,7 млрд теңгеден асқаны белгілі болды.
"2026 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасының азаматтары "Ш" және "А" ұсталды. Олар ұйымдасқан топ құру және оған басшылық етуге, оның қызметіне қатысуға, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған экономикалық контрабандаға және кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтаруға күдікке ілінді". ҚР Бас прокуратурасы
Күдіктілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128–132-баптарына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
7 тамызда тергеу сотының қаулысымен аталған күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Бас прокуратура Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу барысына қатысты өзге ақпарат жариялануға жатпайтынын хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 22 қыркүйек 2026
KeshYOU тобының бұрынғы солисі Баян Алагөзоваға үндеу жасап, Астанадағы шоу кадрларын көрсетті
-
15:58, 22 қыркүйек 2026
Қазақстанның тас жолдарында жылдамдықты бақылау күшейеді
-
15:47, 22 қыркүйек 2026
22 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы сәл төмендеді
-
15:31, 22 қыркүйек 2026
VIP-нөмірлі жеті көлік БАКАД-та жол ережесін бұзды
-
15:23, 22 қыркүйек 2026
Қазақстанда такси жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейтіледі





