VIP-нөмірлі жеті көлік БАКАД-та жол ережесін бұзды
© Сурет: Instagram/egovpress
Әлеуметтік желіде VIP-нөмірлі бірнеше қымбат көліктің жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) өрескел бұзғаны түсірілген видео тарады. Полиция әлеуметтік желідегі жарияланымға байланысты шара қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жеті құқық бұзушы анықталып, олардың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Ал көліктері арнайы тұраққа қойылды.
"2026 жылғы 21 қыркүйекте "egov.press" ақпараттық арнасында ЖҚЕ-ні өрескел бұза отырып қозғалған жеті көліктің видеосы жарияланды. Жедел әрекет ету мақсатында Қарасай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 17 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", – деді Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбикеев.
Полицияның анықтауынша, 17 қыркүйек күні сағат 15:30 шамасында жүргізушілер Алматы қаласының Қалқаман шағынауданынан шығып, Алматы-Бішкек тасжолымен жүрген. Кейін олар БАКАД-қа шығып, сол жерде бірнеше жол ережесін бұзған.
Атап айтқанда:
- маневр жасау ережелері;
- көлік құралдарының жол бөлігінде орналасу тәртібі;
- қиылыстардан өту;
- жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптары бұзылған;
- авариялық жағдай туындаған.
Посмотреть эту публикацию в InstagramИсточник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!Тағы да оқыңыздар:
- 16:40, 22 қыркүйек 2026
Қазан айынан бастап долларлық депозиттердің мөлшерлемесі өсуі мүмкін
- 16:34, 22 қыркүйек 2026
Полиция қызметкерлерінің зейнетақы жүйесі өзгере ме
- 16:25, 22 қыркүйек 2026
Бектенов жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бақылауды күшейтуді тапсырды
- 16:17, 22 қыркүйек 2026
Граффити мен өнердің ара-жігін кім ажыратады - ІІМ түсініктеме берді
- 16:09, 22 қыркүйек 2026
Қазақстанда талапты бұзған автомектептер тізілімнен шығарылады





