«Қытайда оқытылады». Астанадағы LRT-ға қажетті оператор мамандардың вакансиясы жарияланды
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
"City Transportation Systems" ЖШС жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларын (машинист) оқытуға алдын ала қабылдау басталғандығынан көпшілікті құлақтандырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"LRT құрамдары толығымен автоматтандырылған және пилотсыз болады", делінген CTS хабарламасында.
LRT пойыз операторларының негізгі міндеттері:
- жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын, барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қадағалау;
- автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау, ақауларды анықтау және жою;
- вагондардың электрлі жылытуды/желдетуді сақтау, жолаушыларды отырғызып/түсіру тәртібін реттеу, жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарды атқару.
"Біз ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, ресми жұмысқа орналасуды, жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттыру/оқытуды, оқыту нәтижесі бойынша LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беруді ұсынамыз. Оқу мерзімі 1 жылға дейін. Мамандар жұмыс берушінің есебінен елімізде, сондай-ақ Қытайда оқытылады. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады". "City Transportation Systems" ЖШС
Мақсат – мамандандырылған компанияны жұмысқа тартпай, LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу дағдыларын үйрету (ағымдағы және күрделі жөндеу).
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- темір жол көлігі саласындағы жоғары білім;
- жұмыс тәжірибесі локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл/локомотив машинисі көмікшісі ретінде кемінде 5 жыл.
Жұмыс ауысымдық кесте бойынша жүзеге асырылады.Түйіндеме CTS ресми сайты арқылы қабылданады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:52, 4 қараша 2024
СҚО прокуратурасы жастар арасында суицидті уағыздайтын Telegram-дағы ойындарды бұғаттады
-
22:43, 4 қараша 2024
Францияның мәдениет министрі: Тоқаевтың сапары мәдениетке қатысты мәселелерді қамтитынына қуаныштымын
-
22:18, 4 қараша 2024
Павлодарда сотта мүгедек жан өзін зорлаған адамға кешірім берген
-
22:01, 4 қараша 2024
Қытай даму институтымен Alatau арнайы экономикалық аймағы бойынша ынтымақтастық орнатылады
-
21:33, 4 қараша 2024
Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен келіп жетті