Қытайда көне вулкандық үңгірлердің ішінде кофехана ашылды

12:27, 19 мамыр 2026

© Сурет: finallyoffline

Қытайдың Чжэцзян провинциясында ерекше кофехана ашылды. Ол Яньданшань тау массивіндегі көне вулкандық үңгірлердің ішіне тікелей салынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Finnaly Online мәліметінше, кофехана ЮНЕСКО-ның жаһандық геопаркі аумағындағы Фандун мен Линъянь атты көрікті аймақтардың арасындағы маршрутта орналасқан. Жобаны жасаған сәулетшілер табиғи ландшафтқа барынша араласпауға шешім қабылдаған.

Қытайда көне вулкандық үңгірлердің ішінде кофехана ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 12:27

Сурет: finallyoffline

Үңгірлер ішінде миллиондаған жылдық жыныстар мен табиғи тас күмбездер сақталған. Кеңістік ағаш террасалармен, шыныдан жасалған қарау бөлмелерімен және аңғарға қарайтын панорамалық алаңдармен толықтырылған.

Қытайда көне вулкандық үңгірлердің ішінде кофехана ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 12:27

Сурет: finallyoffline

Жоба авторлары бұл шешімді "әлсіз дизайн" философиясымен түсіндіреді:

"Біз "әлсіз дизайн" қағидасын ұстандық — мұнда архитектура табиғаттан үстем болмауы керек, керісінше оның жалғасы ретінде үйлесуі тиіс", – деді жоба авторлары.

Осының арқасында шыны құрылымдар жартастармен бірігіп, табиғи таулы көріністі бұзбай, көзге дерлік байқалмайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!