Қазақстанда 11 жаңа халықаралық әуе бағыты ашылады
© Фото: unsplash
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 19 мамырда Үкімет отырысында жаңа халықаралық әуе бағыттарының ашылуы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол халықаралық бағыттарды қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары бірлесіп кеңейтіп жатқанын атап өтті.
"2026 жылы жаңа халықаралық бағыттарды ашу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда төрт жаңа рейс іске қосылды: Алматы – Шанхай, Астана – Ереван, Атырау – Ташкент және Ақтау – Ереван", – деді Нұрлан Сауранбаев.
Сонымен қатар, 2026 жылы тағы 11 халықаралық әуе бағытын ашу немесе қайта іске қосу жоспарланып отыр.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда авиация мамандарын даярлайтын жаңа оқу орталығы ашылатыны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:37, 19 мамыр 2026
Астанада халықаралық симпозиум өтіп жатыр
-
14:25, 19 мамыр 2026
Церебралды сал ауруына шалдыққан қазақстандық әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының біріне түсті
-
14:16, 19 мамыр 2026
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейстері қашан ашылады
-
14:05, 19 мамыр 2026
Қазақстан қандай жаңа халықаралық әуе рейстерін ашуды жоспарлап отыр
-
13:54, 19 мамыр 2026
Бала тәрбиелеп отырған ата-анаға әкімшілік қамақ қолдану: айырмашылық бар ма?





