«Үсік жүреді». Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

21:42, 18 мамыр 2026

© Сурет: magnific.com

Қазақстанның 17 облысында 19 мамырда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал облыстың батысында, орталығында тұман болады деп болжанады. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 19 мамырда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, тұман түседі деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 19 мамырда жел шығыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде Ақмола облысының шығысында топырақ беті қатып, ауа температурасы 2 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбеде 19 мамырда шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, таңертең және күндіз облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 19 мамырда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 19 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 19 мамырда аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодарда 19 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 19 мамырда батыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні - 18 м/с.

Абай облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың шығысында 2 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 19 мамырда шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда 19 мамырда төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауады, күндіз облыстың шығысында кей уақытта нөсер құяды, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, күндіз облыстың шығысында бұршақ түседі деп күтіледі. күтіледі. Түнде облыстың орталығында және күндіз шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 19 мамырда таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Таңертең және күндіз шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 19 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда нөсер құяды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 19 мамырда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 19 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күн райы қайта бұзылатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!