Ауыл мәртебесі керек: Ақтөбе облысында қала тұрғындары күтпеген мәлімдеме жасады
© Сурет: gov.kz
Темір қаласының тұрғындары қалада емес ауылда тұрғысы келеді. Жұртшылық халық саны 2 мыңнан сәл ғана асатын елдімекенге ауыл мәртебесі берілгенін қалайды. Өйткені тұрғындар ауылға тиесілі жеңілдіктерден, көптеген мемлекеттік бағдарламалардан шет қалып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24KZ" дерегіне сүйенсек, іргетасы әскери бекініс ретінде қаланған Темір қаласы облыс орталығы Ақтөбемен бір жылда бой көтеріпті. Отырықшы елдің қоныстанғанына биыл 157 жыл толады. Бір жарым ғасыр бұрын елді мекенде 100-ге жуық баспана салынып, мешіт пен шіркеу, пошта мен қазақ-орыс мектебі жұмыс істеді. Көп ұзамай Қарақамыс жәрмеңкесі өтетін тоғыз жолдың торабына айналған.
Қазір елді мекенде екі балабақша мен дәрігерлік амбулатория, спорт кешені мен орман шаруашылығы, орта мектеп жұмыс істеп тұр. Алайда шалғайдағы шағын қалада маман тапшы.
"Ауылға дипломмен деген бағдарлама бар. Темір қала статусы болғандықтан сол бағдарламадан қалып қойып жатыр. Республикадан қаражат бөлінеді ғой, "Развитие регионов" деген бар. Сондай бағдарламадан қалып қойып жатыр. "Развитие малых городов" деген кезінде бағдарлама болып еді. Оған да кірмей қалдық. Себебі халық саны келмейді. Иә қаланың қатарында жоқпыз, иә ауылдың қатарында жоқпыз". Сабыржан Молдағұлов, Темір қаласының тұрғыны:
Телеарна ақпаратына сүйенсек, Темір қаласына ауыл мәртебесін алу мәселесі жергілікті тұрғындар арасында біраздан бері қызу талқыланып келеді. Тарихи атауы өзгермегенін қалайтындар да бар. Бірақ ауылдың күйбің тірлігін кешіп отырған елді мекенде қалаға тән нышан некен-саяқ. Шаһардың шаңы бұрқыраған көшелеріне асфальт биыл ғана төселеді. Көгілдір отын мен ауыз су әр үйге жеткенімен тұрғындар ауласында төрт-түлік ұстайды.
"Елді мекеннің мәртебесін өзгертудің негізгі талабының бірі – жергілікті қауымдастықтың пікірі. Яғни тұрғындардың ортақ шешімі негізге алынып, ауылды қалаға немесе қаладан ауылға өзгертіледі. Қазіргі таңда халық саны 10 мыңнан аз аудандық маңызы бар 12 қала бойынша жергілікті атқарушы биліктен Ұлттық экономика министрлігіне мұндай ұсыныс түскен жоқ". Дархан Әділбеков, ҚР ҰЭМ Өңірлік даму департаментінің басқарма басшысы:
Темір "қала" мәртебесін 1926 жылы алды. 1972 жылға дейін аудан орталығы болды. Сол кезеңде ғана халқы саны 5 мыңға жуықтаған. Кейін ел үдере көшіп, қазір тұрғын саны 2 мыңнан ғана асады.
Бұған дейін Көлік министрлігі Қазақстандағы аэротакси бағасына қатысты күмәнге жауап бергенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 19 мамыр 2026
Қазақстанда 11 жаңа халықаралық әуе бағыты ашылады
-
13:15, 19 мамыр 2026
Ішкі әуе рейстерінде биометрия енгізіледі: тіркеу қалай өтеді
-
13:06, 19 мамыр 2026
Салықтық есептілікті тапсыру және салықтарды төлеу мерзімі 20 мамырда аяқталады
-
12:56, 19 мамыр 2026
СҚО-да ауыл әкімі өлі күйінде табылды
-
12:38, 19 мамыр 2026
Димаш Құдайбергеннің жобасы миллиардтаған қаралым жинады





