Қытай атом қолданылмайтын сутегі бомбасын сәтті сынады
© Сурет: pixabay
Қытайлық ғалымдар ядролық материалдар пайдаланылмайтын сутегі негізінде жасалған жарылғыш құрылғыны сәтті сынап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
South China Morning Post газетінің хабарлауынша, далада өткізілген сынақтар барысында жойқын тізбекті химиялық реакция тудыру мүмкін болды.
"Бомбада магний гидриді химиялық қосылысы қолданылады. Екі килограмдық құрылғы сынау кезінде жарылыс болып, температурасы мың градустан асатын отты шар пайда болды", делінген басылымда.
Жоба авторларының айтуынша, кәдімгі жарылғыш заттарды іске қосқанда магний гидриді тез термиялық ыдырауға ұшырап, жанғыш сутегі газын бөледі. Бұл комбинация жарылыстың қарқындылығын дәл табуға мүмкіндік береді, кең аумақта белгіленген нысандарды біркелкі жоюға оңай қол жеткізіледі.
Басылым атап өткендей, Қытайдың Халықтық-азаттық армиясы мұндай қаруды қалай және қандай мақсатқа қолданатыны әлі белгісіз.
Бұған дейін АҚШ COVID-19 вирусының туындауына қатысты есепті жариялады. Ақ үй жариялаған есепке сәйкес, коронавирустың зертханада жасалғаны және Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан сыртқа таралуы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар
-
14:03, 20 желтоқсан 2025
Қар жауып, температура төмендейді: Алматыда алдағы күндері ауа райы бұзылады





