Қырғызстанда жер асты арқылы Өзбекстанға қарай тартылған жасырын туннель табылды

11:11, 1 тамыз 2026
MKZ: 1559145

© Сурет: Баткен облыстық ІІБ

Қырғызстанның Баткен облысында құқық қорғау органдары қырғыз-өзбек шекарасы арқылы тауарларды заңсыз тасымалдауда пайдалануы ықтимал астыртын туннелді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ішкі істер басқармасының мәліметінше, Экстремизмге және заңсыз миграцияға қарсы күрес қызметінің қызметкерлері шекара маңындағы аймақта астыртын жол құрылысы жүріп жатқаны туралы ақпарат алған.

Тексеру барысында Қадамжай ауданының Чечелик ауылындағы иесіз қалған үйден Өзбекстан аумағына қарай созылып жатқан жер асты туннелі табылды.

Милицияның деректері бойынша, туннелдің тереңдігі шамамен - 12 метр, ал ені - 1,5 метрге жуық.

Қазіргі уақытта тергеуге дейінгі тексеру шаралары жүріп жатыр. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ туннелді салуға және оны пайдалануға қатысы бар тұлғаларды анықтауда.

Алдын ала болжам бойынша, астыртын жол мемлекеттік шекара арқылы тауарларды заңсыз өткізу үшін пайдаланылған болуы мүмкін.

Бұған дейін Семей тұрғыны бұрынғы стадион аумағынан адам сүйектерін тауып алғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!