Қырғызстанда ұшақтағы барлық хабарламаны қырғыз тілінде жариялау міндеттелді
© Сурет: Қырғызстан әуежайлары АҚ баспасөз қызметі
Қырғызстан билігі елге ұшатын, елден ұшатын және ел аумағында рейс орындайтын барлық әуе компанияларына жолаушыларға арналған хабарламаларды міндетті түрде қырғыз тілінде жариялауды талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қырғызстан әуежайлары" АҚ жарияланған мәліметке сәйкес, бұл талап халықаралық рейстерді орындайтын шетелдік әуе тасымалдаушыларына да қатысты. Бұған дейін ұшақтағы хабарламалар негізінен ағылшын, орыс және ұшақ ұшып шыққан елдің тілінде айтылып келген.
Компанияның мәлімдеуінше, бұл шешім Қырғыз Республикасының мемлекеттік тіл саясаты аясында қабылданған. Оның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, барлық жолаушының маңызды ақпаратты өз тілінде алуына мүмкіндік жасау және азаматтық авиациядағы қызмет көрсету сапасын арттыру.
Енді барлық рейстерде қырғыз тілінде міндетті түрде мынадай ақпарат жариялануы тиіс:
- жолаушыларға арналған негізгі хабарламалар, оның ішінде төтенше жағдай кезіндегі құтқару және эвакуациялау тәртібі туралы нұсқаулықтар;
- ұшу қауіпсіздігі ережелері;
- ұшақтың ұшуы мен қонуына қатысты ақпарат;
- рейс барысында берілуі қажет басқа да маңызды хабарламалар.
Сондай-ақ әуе компанияларына қырғыз тілінде берілетін ақпараттың толық, нақты әрі басқа тілдерде ұсынылатын мәліметпен мазмұны жағынан бірдей болуы тиіс екені ескертілді.
Осыған байланысты барлық әуе тасымалдаушыларының басшыларына жаңа талаптың орындалуын қамтамасыз ету, қырғыз тіліндегі ресми хабарлама мәтіндерін әзірлеу және оларды жаңа ережеге сәйкес келетін барлық рейстерде қолдануды ұйымдастыру тапсырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:41, 28 шілде 2026
Бірден 65 адам уланған Алматы маңындағы дәмханаға тексеріс аяқталды - мамандар нені анықтады
-
11:38, 28 шілде 2026
Ұлын елемей, қарызын көбейткен: қазақстандық алимент төлемегені үшін сотталды
-
11:26, 28 шілде 2026
Еуро банкноттарының дизайны жаңартылады
-
11:13, 28 шілде 2026
Денсаулық сақтау министрлігі Пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын жетілдіруді жоспарлап отыр
-
11:07, 28 шілде 2026
Мбаппе Франция құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіздігіне әлі де қапалы екенін айтты





