Құрылыс нысандарын пайдалануға қатысты жаңа талаптар бекітілді

14:14, 28 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы 22 мамырдағы бұйрығымен құрылыс нысандарын пайдалануға байланысты шарт жасалатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын талаптар бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, құрылыс нысанын пайдалану туралы шарт төмендегі талаптарға сай келетін жеке кәсіпкермен немесе заңды тұлғамен жасалады:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару" (ЭҚЖЖ 68.32) қызмет түрі бойынша тіркелуі;
  • штатында немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде кәсіби стандарттар талаптарына сай, танылған кәсіби біліктілігі бар кемінде бір маманның болуы;
  • құрылыс нысанын пайдалануға қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі. Атап айтқанда:

- құрылыс нысанын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге және меншік иелері мен өзге де мүдделі тұлғаларды қабылдауға арналған кеңсенің болуы;

- нысанды пайдалануға қажетті жабдықтар мен құралдардың болуы немесе мұндай қызметтерді көрсетуге арналған шарттардың жасалуы.

Аталған бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!