Құрылыс компаниясы алматылықтарлды 2,5 млрд-қа алдап кеткен: іс сотқа берілді
© Фото: Zakon.kz
Алматыда құрылыс компаниясы басшыларының қатысуымен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды. Бұл туралы 2025 жылғы 21 қаңтарда Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс материалдарына сүйенсек, компания басшылығы тұрғын үй кешендерінің құрылысына рұқсат құжаттарынсыз және үлескерлердің қаражатын тарту құқығынсыз 2022-2023 жылдар аралығында үш тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату сылтауымен азаматтардың ақшасын алдау жолымен жымқырғаны анықталды.
"Аталған іс бойынша 312 адам жәбірленуші деп танылып, жалпы шығын 2,5 млрд теңгеден асқан",- делінген ақпаратта.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің төрт басшысы ұсталып, қазіргі таңда қамауда отыр.
"Тергеп-тексеру шеңберінде жәбірленушілердің құқықтарын қалпына келтіру қамтамасыз етілді, ал қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды". Алматы қаласының прокуратурасы
Қорытындылай келе, Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарға құрылыс компанияларымен келісімшартқа түсудің алдында мұқият тексеріп, тек ресми құжаттар негізінде ғана қаражат салу қажеттігін ескертеді.
Бұған дейін Жоғарғы Соттың есірткі сатқаны үшін сотталған қазақстандықты босатқандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:15, 21 қаңтар 2025
Үштөбеде полиция қызметкерлері блогерді ұстады
-
17:04, 21 қаңтар 2025
Жамбыл облысының тұрғындары мен кәсіпкерлерін қорқытып келген қылмыстық топ мүшелері сотталды
-
16:46, 21 қаңтар 2025
Маңғыстау облысында жасөспірімді ит талап тастаған
-
16:31, 21 қаңтар 2025
Ресейліктер кетіп, қытайлықтар келуде: Қазақстанда қанша шетелдік компания жұмыс істейді
-
16:15, 21 қаңтар 2025
Қазақстанда «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу ережесі өзгерді